Chania
631
11.07.2018
Сертифакатталған медиаторлар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және  "Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы" қоғамдық қорының  бастамасымен 2018 жылы 10 шілдеде  «Қостанай облысы әкімдігінің  «Қоғамдық келісім»  КММ  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңесші органдарының және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері  үшін «Медиация негіздері»  атты оқыту семинар – тренингі өтті.

Іс-шара барысында медиаторлар Кеңесінің төрағасы, ОҚХА  қоғамдық келісім Кеңесі төрағасының орынбасары, "Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы" қоғамдық қорының президенті - Богатырев Сергей қатысушыларға «Қостанай облысы әкімдігінің  «Қоғамдық келісім»  КММ  медиация кабинетінің қызметі мен екінші жарты жылдыққа арналған жоспарлар жайлы әңгімеледі. Жаттықтырушы ретінде семинарға кәсіби медиатор, психолог Зуев Игорь қатысты. Семинар-тренинг аясында спикер тыңдаушыларды медиация ұғымымен, оның артықшылықтары және түрлерімен, Қазақстанда  медиацияның қолданылу саласымен таныстырды,  сондай-ақ рөлдік ойын өткізу арқылы, қатысушылар өздері қақтығыс жағдайларды сахналап, медиатор дауды шешуге қатысты.

Оқыту семинар – тренингінің соңында барлық қатысушылар курсты өткендігі туралы куәлікке ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қостанай облысы әкімдігінің  «Қоғамдық келісім»  КММ  медиация кабинеті жұмыс істейді, кез келген азаматқа тегін кеңес алу мүмкіншілі бар.