Chania
883
16.10.2017
«Латын әліпбиіне көшу - Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең»

Осындай атаумен  Қостанай облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі мүшелері, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының қоғамдық қабылдауы жөніндегі аймақтық кеңесі мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 
Достық үйінің залында іс-шараға дейін қатысушыларымыз  Қостанай облысының Мемлекеттік мұрағатымен ұйымдастырған «Тіл-ұлттың жаны» тақырыптық көрмесінде өткен ғасырдың  20-40 жылдары араб тілінен латын қарпіне, латын әріптерінен кириллициаға ауысуына байланысты мұрағаттық құжаттармен танысуға мүмкіндігі болды.
-Кириллицадан латын тіліне көшу – бір үлкен отбасыдай тұрып жатқан барлық қазақстандықтарға,  бүкіл ел үшін тарихи оқиға, - деді өз сөзінде филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚХОА ғылыми-сараптау тобының мүшесі Марьяш Кадралинова. - Ешкімде алдағы өзгерістерден шетте қапы қалмауы керек, өйткені бұл әлемнің ең дамыған және табысты 30 мемлекетіне кіруге ұмтылатын тәуелсіз, егемен еліміздің тарихындағы жаңа кезең. Әрине,көшу процесінің өзі өткелі кезең-кезеңмен, жүйелі болады. Біз бәріміз де,  бұл стратегиялық маңызды кезең екенін түсінуіміз керек.
-Латын әліпбиіне көшу біздің еліміздің мәртебесін арттырып, латын алфавиті басым болатын әлемдік қоғамдастықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - деді Ахмет  Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ тілі мұғалімі, облыстық аналар кеңесінің мүшесі Ақжан Алтыбаева.- Жаңа жазба тілімен біз қазақ тілінің ерекшеліктерін жоғалтпаймыз, керісінше, ол ауызша және әдеби кеңістікте танымал болады.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі