Chania
826
05.09.2017
Қостанайда «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы өтті

Осындай атаумен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің белсенділері мен облыстық Достық үйінің өкілдері балаларға қонаққа барды.
Қонақтар «Дельфин» балалар үйі мен Қостанайдағы жетімдер үйі балалары мен жасөспірімдері үшін иыққап, дәптерлер, қаламдар және басқа керек заттарды өздерімен алып келді. Осылайша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы шешен-ингуш қауымының өкілдері Білім күнімен өз қамқорлығындағыларын құттықтады. Қонақтарды бірінші болып «Дельфин» балалар үйінің кішкентай-тәрбиеленушілері қарсы алды. «Вайнах» шешен-ингуш төрағасының орынбасары Таус Хайдукаева және қауым белсендісі Ахмед Башаев мекеме қызметкерлеріне күделікті өміріне қажет заттарды алып келді. 
 - Бізге жиі бей-жай емес адамдар келіп, сыйлықтар, көбіне ойыншықтар акеліп тұрады, - деп балалар үйінің бас дәрігері Кенжегуль Алимова айтып кетті. Ойыншықтар көп деп айтуға болады. Бірақ, жай адам білмейтін заттар бар, біздің жұмыста ондай заттар жиі қолданылады. Мысалға,  зарарсыздандыру құралдары үшін сыйымдылық, өйткені тазалық - біздің мекемеміздің басты мәселесі.   Сондықтан, біз қонақтардың келетінін білгендіктен, оларға осындай сыйымдылықтарды алуды сұрадық. Өтінішімізді орындаған үшін алғысымызды білдіреміз.  
- Келесі өз сыйлықтарын - мектеп құралдарын - Қостанайдағы жетімдер үйі балалары мен жасөспірімдері алды. Балалар қонақтарды ойын алаңында достық туралы ән және бимен қарсы алды. Біздің жетімдер үйінде 40 -қа жуық балалар тұрып жатыр. Оларды облысымыздың кез келген түпкірінен акеледі. Балалар кір-кір, сырқат болып келеді, - деп директор Менслу Дощанова айтты. Біз оларды емдеп, тәртіпке келтіріп, мектепке апарамыз. Мемлекеттін қамқорлығына қарамастан, демеуші адамдардың көмегіне қуаныштымыз. Бұл мектеп құралдары біздің балаларға оқу жылының аяғына дейін жетеді. Шешен-ингуш қауымы мен Достық үйінің көмектеріне алғысымызды білдіреміз. «Вайнах» шешен-ингуш төрағасының орынбасары Таус Хайдукаева биылғы қайырымдылық акциясы мұсұлман мерекесі - Құрбан-айтқа келгенін айтып кетті.
- Бұл күні жақындар мен көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу керек. Құрбан-айт мерекесі - Білім күнімен сәйкес келді, бұл да тамаша себеп. Біз әкелген сыйлықтар балаларға оқуда  көмегін тигізеді. Біздің қауым осындай акцияларды жиі өткізіп тұрады. Жеті жыл қатарымен «Дельфин» балалар үйіне келіп тұрамыз. 
Кездесу облыстық Достық үйінің әртістерімен тәрбиеленушілерге  ұйымдастырылған концертпен аяқталды.  

 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі