Chania
849
02.08.2017
Қостанайда «ЭТНОлето» фестивалі өтті

Ірі мерекелік концерт «Үлкен ел – Үлкен отбасы» республикалық жоба шеңберінде 30 шілде күні өткізілді. 

Халықаралық Достық күніне арналған іс-шара ұйымдастырушылары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі болып табылады.

Жазғы Сити-орталық сахнасында кешкі сағат алтыдан музыка ойнай бастады. Мерекелік бағдарламаны Dj Barbie және Dj Klayt қостанайлық би тобы ашты. Демалушылар концертті қызыға қарап сахнаға жақын келіп қарады, кейбіреулері музыка әуеніне биледі. Облыстық Достық үйі дайындаған үш сағаттық музыкалық марафон ірі концертке айналды.

- «Этнолето» фестивалін біз бірінші рет өткізіп отырмыз. 30 шілде Халықаралық Достық күні болғандықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл тамаша мереке. Осындай фестивальдерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта біз «Этноселфи» фотоконкурсының жобасы бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қазір өзін фотоға түсіру дағдыға айналды, сондықтан жастар арасына қосылып, осындай қарым-қатынас жасау әдісін ұсынуды шештік.  Кез келген адам өзінін ұлттық киімде немесе музыкалық аспаппен түскен фотосын жіберіп, сыйлық алу мүмкіндігі бар. Басты талап – селфи болуы керек,- деп «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Зульфия Набиева айтып кетті.

Айта кетсек, әртістерді қостанайлықтар сахна үстінен фотоға түсіріп, қолтаңбасын алып жатты. Екі сағат бойы қостанайлықтар үшін Қостанайдың ең талантты жас әртістері өнерін көрсетті:  Азамат Ибраев, Руслана ПономареваМария КубжасоваВладимир АлексанинОльга Ярош, Диас Тюлегенов, Ольга Квитка, Айсұлұ Тұтқұшеваның вокалдық студиясы, «Алтын дала» би ұжымы, Interdance және Estel, сондай-ақ облыстық Достық үйінің әртістері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері. Концерттік нөмірлерден басқа мереке қонақтарын тамаша тосын сый күтіп тұрды. Кеш жүргізушілері Арман Бектұрғанов және Зарина Кокжанова облыстық Ассамблея атынан кәдесый күрішкелерін ойынға салды. Көрермендерге түрлі этностардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Қостанайлықтар сүйсіне жауап беріп сыйлықтарын алды.

Кеш кезінде жүргізушілер қонақтар арасында бірінші махаббатына күйеуге шыққан немесе үйленген адамдар бар ма екенін білігісі келді. Көрермендер ішінде осындай жұп табылды. Олар 9 сыныпта танысып, 40 жыл бойы бірге өмір сүріп жатқанын айтты. Ерлі-зайптылар да сондай-ақ өз сыйлықтарын алды.

Мереке соңында Ольга Ярош орындауындағы «Улыбайся» әні кезінде аспанға достықты білдіретін, түрлі суреттері бар әуе шарлары жіберілді.

- Еліміздің басты құндылығы -  100 этностан асатын көп қырлы мәдениет пен шексіз достықты біріктіруші Қазақстан халқы, - деп ұйымдастырушылар атап кетті.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі