Chania
806
13.12.2016
Қостанайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған этномәдени бірлестіктердің фестивалi өттi

«Мирас» Мәдениет  сарайы залында түрлі этносты таныстыратын ұлттық костюмдер және қостанайлықтардың топтамасындағы ұлттық костюмдегі қуыршақтар көрмесі орын алды. Бұл жерде тек қолдан тігілген сәнді қуыршақтарды ғана емес, сондай-ақ Беларусия, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан, Корея, тіпті Греция елінен әкелінген қуыршақтарды көруге мүмкіндік болды.
- Келесі жылы Қазақстан халқы бірлігі күніне орай осы көрмені бұдан аса ауқымды деңгейде өткізуді жоспарлаймыз,- деп «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сандыбаева айтып кетті. – Биылғы мерейтойлық жыл біздің еліміз үшін өте маңызды болды. Облыстық Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған түрлі іс-шараларға белсенді қатысуға тырысты.   
Биыл біздің "Возрождение" облыстық неміс қауымы раритеттік жәдігерлер мұражайы - орналасқан неміс мәдениет орталығына көшіп өздерінің қоныс тойын тойлады. Сонымен қатар  қараша айында XX-шы облыстық  украин халық шығармашылығының  фестивалі,   бесінші рет кавказ мәдениетінің фестивалі өтті.
Бір қуаныштысы, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында біздің облыстық Ассамблеясы  көпбалалы Төлегеновтер отбасының қуаныштарымен өзара бөлісті: кәріс қауымының төрағасы Игорь Романович Ким құрылысты өзі жетекшілік еткен екі қабатты коттеджді дайын түрінде сыйлады. Келесі жыл ЭКСПО-2017 аясында өтетіндіктен біз үшін  көптеген  атаулы және айтулы күндер болады деп сенемін! Концерттік  бағдарлама  патриоттық  көңіл-күймен орындалып, 100-ден астам  этнос өкілдерін байланыстыратын Отан туралы әндер, билер орындалды.  Қостанай  облысында осы  жылдың ақпан айында құрылған «Казачья воля» Орынбор қауымы казактарының ансамблі алғаш рет  сахнада өз өнерлерін көрсетті. Осы жерден қостанайлықтар Астанаға Қазақстанның орыс, славян және казактар қауымының үйлестіру кеңесімен ұйымдастырылған концертке аттанды. Әртістер астаналық ғибадатханалардың бірі - Успен соборында өз өнерін көрсетті.
-Достық, бірлік, ынтымақ - бақытты болашақтың кепілі! Біздің үлкен үйдің аты берілген, біз бейбітшілікті сақтауға және тамаша қазақстан жерінде, құрылған тамаша мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтей білуіміз керек, – дейді облыстық украин қауымының төрағасы  Анатолий Тарасенков. Ертеде аталарымыз, достық, ниет, амандық, денсаулық, бақыт және бейбітшілік болған жерде сенің шаңырағыңда биік болады!-дейтін. Бұл дүниенің негізін құраушы элемент киіз үйдің символына айналған біздің халқымыздың  бірлігінің жолындағы  «Мәңгілік Ел»  болып қала береміз деген ойдамыз!!!

«Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі