Chania
760
12.12.2016
Қостанайлық Мартиросян отбасы Армениядан жүлделі болып оралды!

Армения  Республикасы Диаспорасының Министрлігі,  Дүниежүзілік армян конгресі және Ресейдің Армян одағы 2010 жылдан бастап тарихи отанынан тыс жерде тұрып, өз мәдениетін, дәстүрін, салт-дәстүрін насихаттайтын ұлт өкілдері арасында «Армян дәстүрін сақтау ісіне қосқан айтарлықтай үлес қосқаны үшін» байқау өткізіп келеді. Марапаттау рәсімі АР Диаспорасының Министрлігінде қараша айында өтті. Ереванаға  арнайы  Қостанайдан  келген Мартиросян  отбасын  «Дәстүрлі  армян  отбасы» номинациясы бойынша үшінші сыйлыққа ие болды. Бұл  біз  үшін үлкен  құрмет, себебі бұл байқауға бүкіл әлемнің армяндары қатысып отыр, үміткерлер арасында үлкен  іріктеу жүріп жатыр,- деп  Қостанай облысы "Эребуни" Армян  қауымы  төрағасының  орынбасары  Рачуи Геворгян айтады. Біздің отбасы ең алғашқы күндерінен бастап  осы  армян этномәдени  орталығымен  тығыз байланыста. Менің ұлым Рач – "Миасин"  жастар қанатының  көшбасшысы, ал қызым Гаяне – осы қанаттың  белсенді мүшесі. Гаяне ән айтып, би сабағын жүргізіп қана қоймай, облыстық телехабар бойынша авторлық бағдарлама жүргіп келеді. Рач – барлық іс-шаралардың ауысымсыз жүргізушісі, шоумен, КВН-ге қатысушы. Байқауға өзіміздің жұмысымыз туралы материалдар жинағын, фотосуреттер жіберген болатынбыз, бірақ жеңіп аламыз деп ойламадық.  Үшінші орынды  илену, біз үшін  үлкен  тосын сый болды! Біз  Қазақстанда  өмір сүре  отырып, өз елімізді мақтан етеміз. Басқа ұлт өкілдеріне өзіміздің түп-тамырымызды, шыққан тегімізді  таныстырудан  еш  жалықпаймыз. Сонымен қатар Ереванда болу уақытында Гаянеге  режиссер  Филипп  Погосянадан  көркем фильмге  түсуге  ұсыныс түсті, ол бұл ұсынысты қуана-қуана қабылдады.
Ұйымдастырушылардың дұрыс шешім қабылдағаның «Эребуни» қауымының төрағасы Тигран Бадалян растады.
- Мартиросян отбасы осындай көңілге лайық. Мартироян  отбасы әр іс-шараларға өз қол ұштарын аянбай созады, белсенді қатысады. Өз  жеңісінде  Мартиросян  отбасы  Достық Үйінде "Эребуни" өкілдері қауымымен өткізілген жаңа жылдық  ертеңгілікте бөлісті. Концерттік  бағдарлама  әнмен, бимен сүйемелденіп, мерекенің әр қонағына тәтті сыйлықтар мен кәдесыйлар   таратылды.

«Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі