Chania
836
06.12.2016
«Асар» - бұл бізше!

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі Половниковка ауылында өрттен аман қалған отбасы үшін жабдықтар, қаражат жинау бойынша ұран қақты.
Осы жылдың қазан айында электр қондырғыдағы қысқа тұйықталу нәтижесінде өрт шығып Базаровтар отбасының үйі және барлық заттары жанып кеткен болатын. Ересектер жас төрт баламен бірге суық қыстың қарсаңында,  турасын айтсақ далада қалып қойды. Үй отқа оранған кезде, үй иесі бала-шағасымен жолдастары үйінің моншасында болатын. 
Бірақ Базаровтарды ауылдық жерлестері қиын жағдайда қалдырмай, келесі жылдың наурыз айына дейін уақытша тұрғын үй ұсынды. Бірақ тұрғын үй мәселесін шешу жолын үй қожасы – ауыл мектебі математика пәнінің мұғалімі Ербол Ермаханов білмейді. 
Базаровтар отбасына қол ұшын беру үшін облыстық Аналар кеңесі жолға шықты. Олар «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен  бірге Половниковка ауылына келіп, көмек ретінде жылы киімдер, азық-түлік, кеңсе тауарларын, кітаптар, ойыншықтар, төсек-орын жабдықтарын алып келді.
- Біз адамдар қайғысына қарап тұра алмаймыз, оған қоса көп балалы отбасы қиындыққа тап болды, - деп облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян айтты.  Біз барлық қостанайлықтарды Базаровтар отбасына көмек көрсетуге шақырамыз, барлығымыз қол ұшын берсек үй сатып алуға керек сома жиналып қалар деп үміттенеміз. Қазақ халқы ежелден өздерінің ұйымшылдығымен танылды. Осындай тамаша дәстүрдің бірі «асар» болып табылады. Қазіргі уақытта да барлық Қазақстан халқының бірлігі туралы, өз этносына қарамастан  асар дәлелдеп келеді.   Сондықтан, біз бір ел болып, хабарласа, осы тамаша отбасына көмек беріп, жақын арада бұл отбасы тұрақты үй табады деп сенеміз.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі