Chania
677
28.11.2016
Қостанайда этносаралыққа арналған ұжымдық монография тұсаукесері өтті

Бұл жұмыс Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтың басшылығымен 33 автор үшін жалпы еңбек болды.
Ұжымдық монографияны әзірлеуге және іске асыруға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, хатшылық басшылары ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының қоғамдық құрылым басшылары, ішкі саясат, діни істер, мәдениет басқармасының басшылары, өңірдің мемлекеттік органдары қатысты. Ірі ғалымдар арасында – бес ғылым докторлары, облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері -  Еркін Әбіл, Владимир Гершун, Марьяш Қадралинова, Наталья Ким, Дмитрий Легкий.
- Кітап шағын таралымда – 500 данада шықты, оның барлығы облыс кітапханаларына  берілетін болады және ҚХА және тарих кафедрасының әдістемелік құралы ретінде болады,- деп облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов айтты. – Бұл монография Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту концепциясы кіретін маңызды стратегиялық идеяларын іске асыру бойынша үлкен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және зерттеу қызметін жүргізетін біздің ҒСТ мүшелерінің қорытынды жұмыс тәжірибесі болды.
Біз түрлі семинарлар, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізіп, дәріс оқимыз, диалог алаңдарына қатысып «Мәңгілік Ел» маңыздылығын, құндылықтарын және рәміздерін жас ұрпаққа осы іс-шаралар түрлері арқылы жеткіземіз. «Қазақстандық отбасы дәстүрін нығайту – мемлекетті дамыту жағдайы» атты (Қостанай облысының материалдары бойынша) кітап тұсаукесерін біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнадық. Осы монография Қазақстан халқы Ассамблеясымен ұйымдастырылған және Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған Республикалық ғылыми байқауда Гран-приге ие болды.  

 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі