Chania
1140
28.11.2016
«Жұлдызды» қоныс той!

«Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күнінің» бесінші күні «Ғаламдық бастамалар» тақырыбына арналды. Сегіз баланы асырап алған Нұрлан және Гүлжаухар Төлегеновтар отбасы үшін үй құрылысы облыстың барлық жұртшылығының ауқымды бастамасының бірі болды. 
Қостанай облысы әкімдігінің білім беру саласының өкілдері бастаған осы игі істен сыртта ешкім қалмады. Кейін өзінің әріптестеріне облыстың басқармалары қосылып, болашақ құрылысқа 5 млн. теңге жинады.
2015 жылы қайырымдылық эстафетасын Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы 7 млн.теңге салып қостап алып кетті. Төлегеновтар отбасы үшін жаңа үй құрылысына есімдерін және тегін айтпай ортақ жинақ сандықшаға ақша аударғандар көп болды.
- Үйді тұрғызу үшін «БК-Строй» ЖШС директоры, меценат және қайырымдылық жасаушы, облыстық Кәріс ассоциациясының төрағасы Игорь Романович Ким қолына алды, - деп өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бағытұр Дандыбаев айтты. - Бір жыл  өткен соң көркем, заманауи, кең, екі қабатты, жалпы аумағы 340 кв.м. құрайтын үй өсіп шықты.  
- Мен Төлегеновтар отбасының оқиғасын естіп, олардың көңіл кеңдігіне таңданып, олардың құрылысын өз бақылауыма алдым,- деп Игорь Ким айтып кетіп, Төлегеновтар отбасына плазмалық теледидар сыйлады.
Қоныс тойын жасау салтанатты рәсімінің қызыл лентасын Игорь Ким және отбасы ошағын сақтаушы Гүлжаухар Төлегенова кесті. Бұл рәсімнен кейін шашу ырымы өткізілді.  Осындай жақсы оқиғаға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері өздерінің атынан жоғарғы жағында кілті бар үш қабатты торт сыйға тартты.
- Мен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Иван Клименкоға, облыстық мәслихат депутаттары – «Фрунзенское» ЖШС директоры Николай Шерераға (Денисов ауданы), «Диевское» ЖШС директоры Олег Даниленкоға, «Вайнах» шешен-ингуш қауымының төрағасы Эльбрус Тимаевқа,  неміс қауымының төрағасы Сергей Блокқа, азербайжан қауымының төрағасы Видади Юсубовқа, «Эребуни» армян қауымының бұрынғы төрағасы Артур Абрамянға, қырғыз қауымының төрағасы Қанатбек Беделбековке, «Шолақсай-1» ЖШС директоры Өмірзақ Ихтиляповқа (Наурызым ауданы),  «Железнодорожное» ЖШС директоры Максим Артемукқа (Қарасу ауданы) демеушіліктері үшін алғысымды білдіремін.  Өзінің жәрдемін «Арвис» ЖШС, «Кардинал» ЖШС қосты. Недәуір қаржылық көмекті «МҚҰ-ШҚҰ» ЖШС  біздің отбасымызға шағын автобус сыйлау арқылы көрсетті,- деп Гүлжаухар Кәбдікәрімқызы айтты. 
- Біздің балаларымыз түрлі ұлттан, бірақ олардың барлығы да қазақ тілін мүлтіксіз меңгерген.  Жуырда біз тағы бірнеше бала үшін ата-ана болуға жоспарлап қойдық. Уақыт келе үлкен бақша, жеміс бағын отырғызуды армандаймыз! Бірақ біз үшін ең бастысы – біздің жайлы үйімізде бала күлкісі өшпесін және Қазақстанда барлық балалар үйі тезірек жабылсын деймін! Әр бала өз отбасында өмір сүріп, ата-анасының махаббатын алуы тиіс! 

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі