Chania
778
25.11.2016
«Мәдениеттер сұхбаты» - шекарасыз достық!

Облыстық Достық үйінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жұлдызды күнінің» үшінші күні Ресеймен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде «Мәдениеттер сұхбаты» жастар лагерінің жұмысына арналды.  Қостанайға Челябі Халықтары Достық үйінен қазақ, татар, армян, неміс және славян мәдениет орталықтарының делегациясы келді.  Қостанай Достық үйінің этномәдени бірлестіктері жастар қанатының өкілдері өздерінің іске асырып жатқан жобалары, іс-шаралары туралы қонақтарға айтып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Челябі өкілдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына және Ресей киносының жылына арналған баяндамаларын ұсынды. Ресей немістері кездесу клубының уәкілі Анна Герман Германия фашистерін жеңуге зор үлесін қосқан кеңестік немістер туралы айтты:
- Николай Гастелло, Николай Гефт, Рихард Зорге – осылардың бәрі өздерінің этникалық шығу тегі бойынша неміс болғанымен Кеңес одағында туып өскен, бірақ бұрын оны талқыға салмаған және олардың ұлтына ешкім мән берген емес.  Осыған қарамастан үшеуі Екатерина II манифесті бойынша XVIII ғасырлары олардың ата-бабалары қоныс аударған жерінде туып-өскен елінің нағыз патриоттары болып, Кеңес одағының Батырлары атағын алған.
- Ресейде тұрып, біздің Троиц қаласының қазақ ұлт өкілдері қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Біз өзіміздің туған тілімізді ұмытпаймыз, біз дәстүрлі түрде Наурыз мерекесін кең атап өтеміз, - деп Троицк  қаласы  қазақ мәдениет орталығының белсендісі Венера Шакенова айтып кетті.  - Совет одағының Батырлары – 28 панфиловшыларды, Сұлтан Баймағамбетовты, Әлия Молдағұлованы, Мәншүк Маметованы құрмет етеміз және есте сақтаймыз.   Ғасырларға даңқы шыққан жерлестерімізді мақтаныш етеміз! 
Өздерінің негізгі бағдарламаларына қоса Челябі өкілдері қызықты сәнді-қолданбалы шығарма көрмесін әкелді. Коркин қаласының шебері Светлана Зверева қолмен кестелеген тек сүлгілер, ұлттық орыс костюмдерін, әйелдер бас киімдерін ғана әкеліп қоймай, сондай-ақ Ресейде ежелден үлкен мән бөлінетін қуыршақ-тұмар жасау бойынша шеберлік сабағын ұсынды. Жастар лагерінің тәжірибелік бөлімнен кейін Челябі өкілдері жаңадан ашылған облыстық мешітке, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасына және сирек кездесетін экспонаттар мұражайы орналасқан Неміс мәдениет орталығына экскурсияға барды.
Жастар лагерінің жұмысы түрлі тілдегі әндер айтылған концерттік бағдарламамен және мерекелік қонақасымен аяқталды. Соңында балалар өз қолымен салынған естелік ашық хаттарымен алмасып, келесі жылы осындай диалог алаңында кездесуге тілектерін білдірді.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі