Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жанынан Жас ғалымдар клубы құрылды.
Бүгін Достық үйінде өткен ҒСТ қорытынды жиынында жаңа бірлестік мүшелері таныстырылды. Клуб құрамына А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, Рудный индустриалды университеті, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ, сондай-ақ М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-дің жас ғалымдары кірді.
Құрылым кадрлық резервті қалыптастырудың, өскелең ұрпақты білім беру және ғылыми-сараптамалық қызметке біріктірудің бірегей алаңына айналуға арналған. Клуб мүшелері этносаяси, мәдени және басқа да маңызды әлеуметтік процестерге зерттеу жүргізеді.
Сондай-ақ отырыс барысында ҒСТ мүшелерінің 2024 жылға арналған жұмысының қорытындысы жарияланды. 12 ай ішінде ғылыми-сараптамалық топтың мүшелерін қамтитын 21 түрлі форматтағы іс-шара өткізіліп, жергілікті БАҚ-та сұхбаттар мен түсініктемелер берілді, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ғалымдар 2025 жылға арналған жоспарларын: этносаралық саладағы зерттеулерге арналған монографияны шығару, аймақтарға сапарлар, «Жас ғалымдар клубының» белсенді жұмысы туралы талқылады.
Жиын соңында ҰЭТ мүшелеріне шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.