«Дуслық» татар-башқұрт қауымы «Чак-чак бәйрамын» атап өтт
«Дуслық» татар-башқұрт қауымы «Чак-чак бәйрамын» атап өтті
Басты ұлттық тәттіні тойлау Достық үйіндегі дөңгелек үстелде өтті. Мереке қонақтары этномәдени бірлестіктер мен қоғамдастықтардың жастар қанаттарының өкілдері болды.
Жиналғандарға чак-чактың жасалу тарихы, рецепттерімен бөлісті және, әрине, осы тәтті тағаммен дәм татылды. Қонақтарға чак-чактың 10-нан астам түрі ұсынылса, ең үлкені – салмағы 8 келіге жуық «Достық чак-чакы» қазақтың игі «сарқыт» дәстүрі бойынша барлық жиналғандарға таратылды.