Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
Тәуелсіздік жылдарында ел дамуының берік іргетасы – сенімді экономик, тиімді демократиялық саяси және азаматтық құрылым, берік әлеуметтік база қалыптасты.
Бізде іс-әрекеттің, ынтымақтастықтың және алға ұмтылудың тұтас қағидасы бар. Біздің ұстанымымыз – «Бірлігіміз әралуандықта». Бірлік – Тәуелсіздік пен халықтың әл-ауқатының негізі, табыстың басты шарты мен кепілі іспеттес.
Әр отбасына бақыт пен береке тілейміз. Шаңырақтарыңыз әрқашан шаттыққа, келісім мен өзара түсіністікке толы болсын!
Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін! Ұлы Дала елі мәңгілік болсын!