Chania
771
26.10.2016
«Шаңырақ» байқауындағы жеңіс!

«Қостанай-Агро» облыстық газетінің тілшісі Сергей Исмаилов «Шаңырақ» этножурналистика бойынша республикалық байқауда ең үздік болып танылды. Оның ұсынылған жұмыстары «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған баспа және электрондық шығармалардағы үздік мақалалар» номинациясында қазылар алқасы шешімі бойынша бірінші орынға ие болды. .
Бірнеше жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы бастаған бұл байқау, биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды, сондықтан жүлдегерлер саны мерейтойлық санға барабар болды. Сондай-ақ байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында өтті, оған барлық елдің БАҚ  теле-радио және баспа журналистерінің 200 жуық жұмысы қатысты.
Байқау қорытындысы үш номинация бойынша өткізілді – қоғамдық келісім және  жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық жаналық және теледидарлық бағдарламалардың бейне-сюжеттерінің үздігі, баспа және электрондық шығармалардағы үздік мақалалар, ақпараттық агенттік және желілік басылымдағы үздік радиобағдарламалар мен ақпараттар. Қазылар алқасы құрамына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Татьяна Костина,  «Қазақстан» РТРК басқармасы төрағасының орынбасары Қайнар Олжай, «Хабар» агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің журналисті Анар Төлеуханова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының құрметті төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ этностық және діни кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов және ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық сарапшысы Алексей Могунов кірді. Жолданған 200 өтінім ішінен қазылар алқасы республикалық кезеңге 75 жұмыс алынды, оның ішінде 19 телеақпарат, 10 радиоақпарат және 36 баспа мақалалары. 
Марапаттау рәсімі Қазақ ұлттық өнер университетінің концерттік залында өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылық меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тұғжанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, медиа-құрылым басшылары, сондай-ақ республикалық, өңірлік және этностық БАҚ, этномәдени бірлестіктердің басшылары және жастар  қатысты.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі