Chania
817
20.10.2016
«Бізді біріктіретін құндылықтар!»

Осындай атаумен Рухани келісім күніне арналған диалог алаңы «Қоғамдық келісім» КММ діни бірлестіктер басшылары, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық Ассамблея ғылыми-сараптама тобының мүшелері, жас студенттер қатысуымен өтті.
Қонақтарды Рухани келісім күнімен құттықтай отырып, Қазақстан халқы облыстық Ассамблея хатшылығының бас инспекторы Болат Ибраев бүгінгі күні  біздің  елде 18 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқанын атап өтті.

- Олардың барлығы да жоғары адамгершілік, сүйіспеншілік пен рақымдылық, төзімділік пен бірқалыптылық, жемісті және талапты еңбек, құнттылық пен ізгілікті өмір секілді адам құндылықтарын насихаттайды.

Қазіргі уақытта біз барлығымыз, әсіресе жастар бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы адамдардың рухани бастамасындағы жәбірлеу, биморальдық қылмыс және жүгенсіздік шақыруларға тілдерді, мәдениетті және рухани құндылықты тану арқылы сақ болуымыз, қоғамдық келісімді сақтауымыз керек деп, - Ибраев айтып кетті.  
Іс-шараға қатысқан Қазақстан мұсұлмандары басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілетті имамы Бахытбек Тәжімбет,  «Успение Богородицы» Рим-католиктік келісінің бастығы Славомир Порембский және Қостанай және Рудный епископы Епархии Анатолий өздерінің қызметі туралы айтып,  жастардың сұрақтарына жауап берді.
Діни бірлестіктердің өкілдеріне өңірде конфессияаралық келісімді  нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының алғыс хаттары табыс етілді. 

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі