Chania
690
11.10.2016
Кәріс киносының фестивалі

Танылған өнерді құрметтеуші мыңнан астам қостанайлықтар «Қазақстан» кинотеатрына жиналды. Оларды кәріс режиссерімен түсірілген фильмді тегін қарау үшін Қостанай облысының кәріс қауымы шақырды. Жастар қанатының белсенділері қонақтарды жарқын ұлттық костюмдерде қарсы алып, кәріс тілінде кітапшалар мен журналдар таратты. Киносеанстан кейін көрермендер үшін таңғы балаусалық ел және оның бай ежелгі мәдениеті туралы сұрақтар қойып шағын-викторина, сондай-ақ ән мен биі бар шағын концерттік бағдарлама өткізілді.
- Кинофестиваль ҚР Кәріс елшілігінің жанындағы Кәріс мәдениеті орталығының бастамасы бойынша Қазақстанда екінші жыл қатарымен өтіп жатыр, - деп Қостанай облысы кәріс қауымы жастар қанатының жетекшісі Марина Лян айтты. – Биыл оны біздің өңірде «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобаға арналған кәріс мәдениетінің күні аясында өткіздік.   Біздің мәдениетімізге түрлі этностардың өкілдері үлкен қызығушылық білдіргені қуанышты. Оны біздің кәріс  тілдерін оқу курсына келіп, оқып жүрген балалар бойынша көруге болады. Осы жексенбілік мектебі тыңдаушылардың бірі Анастасия Густова тілді, біздің тарихты, мәдениетті ғана үйреніп қоймай, сондай-ақ «самульнори» - дабылда ойнау ежелгі музыкалық өнерінің негіздерін түсіне бастады.  Біз Корея елінен арнайы соқпа құралдарын алып келіп, екі жыл бұрын қауым жанында фольклорлық-этнографиялық тобын аштық. Енді түрлі іс-шаралараға қатысып, үнемі көрермендерді қуанышқа бөлеп жүрміз, өйткені дабылдың айырықша үні бар. Қазіргі уақытта «Мен және Корея» интеллектуалдық ойының өткізуге дайындалып жүрміз, оған облыстың барлық жерінен келетін қатысушылар кәріс мәдениеті мен тарихы туралы білімін көрсетеді.  

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі