Chania
794
03.10.2016
«Алтын жасты құрметтейміз»

Қостанай облысының кәріс қауымы өз этномәдени бірлестігінің аға ұрпақтарына құрмет көрсетті.
«Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында 1 қазан күні қаланың шығармашылық ұжымы қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Достық үйінің сахнасында Юрий Алексеевич Лидің жетекшілігімен би ұжымы өнерін көрсетті. 2011 жылы жемісті шығармашылық қызмет үшін Меценаттар клубының сыйақысына ие болды. Содан кейін  кәріс ЭМБ құрылу кезінен 15 жыл бойы барлық іс-шараларға белсенді қатысып жүрген «Ен-коди» кәріс әндерін орындайтын хор өздерінің кәріс, орыс және қазақ тіліндегі үздік шығармаларын орындап берді. Көрермендер кәріс тіліне аударылған әйгілі «Катюша» әні үшін хор ұжымын айтарлықтай қол шапалақпен марапаттады. Кезек жастар қанатының өкілдері - Олеся Ким, Ангелина Цхай және Карина Ольжабаеваға берілді, олар ата-әжелерді өздерінің музыкалық нөмірімен құттықтады.  
«Эребуни» армян қауымының өкілі Гаяне Мартиросян армян тілінде ән орындап, құттықтау сөздерін айтты.  
Бағдарлама соңында барлық қонақтарға гүл және шоколад жинағы табыс етілді.
- Осындай тамаша мереке болғаны қандай жақсы, - деп жастар қанатының жетекшісі Марина Лян жиналғандарға өз ойын білдірді. – Бұл тек қарт кісілер күні емес, бұл жылы жүректері, жұмысқа берілген күштері, жас ұрпақпен бөліскен нәжірибесі үшін  алғыс айту күні және сол үшін біз сіздерге дән ризамыз!

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі