Chania
736
04.10.2016
Туған ошақтың жылуы

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-мен ұйымдастырылған Отбасы күнінде жалпы мағынасымен біріккен осы үш сөз өзекті болды.
Этномәдени бірлестіктер төрағаларының, ғылыми-сарапшылық топ, қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі мүшелерінің 18 отбасы үйдегідей еркін жағдайда әртістерге қосыла ән айтып, жанұялық бақытқа жеткізген сырларымен ой бөлісіп кеш өткізді.
Іс-шара ресми түрде өткізілмегендіктен, отбасы мүшелері үстел басында жиналып, тәттілермен шай ішіп отырған көпке белгілі, бәріне ұнайтын «Барлығымыз үйде болғанда» атты телекөрсетілімге  ұқсап кетті. Бұдан бұрын әрбір отбасы екеуден, үшеуден, кейбіреуі төртеу болып қостанайлық талантты фотосуретші Георгий Шаповаловтың тосыннан жасаған фотостудиясында суретке түсіп шықты. Кештің соңында қатысушылардың фотоальбомы естелік жанұя портреттерімен толығып шықты.
-Ойда жоқ жақсылық күтпеген жерден пайда болды, бірақ көңілге қонымды болды,- дейді мерекеге зайыбы Айгүл және ұлы Аңсармен келген Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов. – Отбасымызда есімі Әділет деген тағы да бір үлкен баламыз өсіп келеді. Біз оның есімін әдейі осылай қойдық. Мен өзім жанұямда әділдік болғанын қалаймын, қазіргі уақытта оған біз өзара сыйластық, адалдықпен қол жеткізіп отырмыз.
- Ежелден орыстар мен қазақтарда көпбалалы отбасы үлгі-өнеге болды, ал ана болу әйелдің басты құндылығы, өмірінің мәні мен мағынасы болып табылады,- деп атап көрсетті орыс қауымының төрағасы Юрий Ивлев.- Қырғыздарда бала халықтың өшпейтіндік символы болып саналады, сондықтан  жүкті әйелді әрдайым қорғап жүрген. Негізінде, әрбір этноста отбасы үлкен рөл атқарады, ал отбасылық құндылықтар қадірленіп, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болған. Ол туралы Отбасы күнін жариялаған біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті. Жаңа мереке неке және отбасы институтын, қоғамдағы адамгершілік және руханиятты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Содан болар «Отанды сүю - отбасынан басталады!» деген қазақ халқының дана сөзі бар.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі