Chania
10
06.05.2024
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлік күні

Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған іс-шара "Kostanay Plaza" СОО-да өтті. Мерекенің басты тақырыбы достық пен өзара сыйластық қана емес, қайырымдылық та болды. Этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырып, одан түскен қаражат "Жизнь на ладони” жобасының қатысушысы - 11 жасар Савелий Григорьевке көмекке жұмсалды.  Церебралды сал ауруына шалдыққан балақайға шұғыл ота жасату қажет, ал оны жасау сомасына 7 миллион теңге жетпей тұр. Осы жәрмеңкенің арқасында жарты миллион теңге жиналды. Баланың ата-анасы осы күні оларға көмек көрсеткен барлық қамқор адамдарға зор алғысын білдірді. Жәрмеңкемен қатар мерекелік концерт болып өтті. Шақырылған әншілер достық, бейбітшілік, туған ел туралы ән шырқап, бишілер әртүрлі мәдениеттердің билерін көрсетті. 

Бүгін қостанайлықтар "Kostanay Plaza" СОО-да өткен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде ұлттық нақышта шопперлер тігуді және халық билерін шыр айналып билеуді үйренді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы шоппер тігуге арналған, түрлі этностардың билерін үйрететін және халық ойындарымен таныстыратын тақырыптық алаңдар ұйымдастырды. Ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды


Бірлік күні барлығымыз қиындықтарды бірге жеңе алатынымызды және қандай жағдай болмасын бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатынымызды тағы бір мәрте дәлелдедік!