Chania
20
25.04.2024
Қостанай облысы ҚХА мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясына қатысты

Биылғы жылы еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты этнос өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі онлайн тәптіпте өткізілді.

Отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, бүгінде бүкіл әлем түрлі табиғат апаттарына тап болып,  Қазақстан да қатерден тыс қалған жоқ. Еліміздің көптеген аймақтарында бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы тпбмғат апатымен күрес кезінде өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткен барлық этномәдени топтарға және еріктілерге зор алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ол Ассамблеяның жастарды идеологиялық сипатта тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударатынын атап өтіп, достық үйлері қоғамдық кездесулер мен талқылаулар өтетін, жаңа идеялар мен бастамалар туатын заманауи комьюнити-орталықтарға айналуы тиіс деген пікір білдірді.

Президент өз сөзінен кейін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Мәселен, «Шапағат» медалімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы, Қостанай 6697 ә/б бөлімшесінің командирі Кирилл Пономаренко марапатталды.