Chania
23
19.04.2024
"Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт" онкүндігі

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт" онкүндігін бастады.
ҚХА мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесіп, этносаралық келісімді сақтау жолындағы Ассамблеяның маңызды миссиясы туралы баяндап, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың 15 наурыз күні Атырау қаласында өткен Үшінші Ұлттық құрылтайда айтқан негізгі тезистерін түсіндіреді. 
Онкүндік 17 сәуірде бастау алды. Осы уақыт ішінде ҚХА өкілдері "ҚТЭК" МКК, Облыстық қан орталығы және "SULPAK" СҮ ұжымына барып қайтты.