Chania
40
01.03.2024
Әрқайсыңызға алғысымыз шексіз…

Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара "IQOSTANAY" Оқушылар сарайында болып өтті. 
Биылғы жылы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мереке форматын концерттен форумға ауыстырып, оның кейіпкерлері ретінде белсенді өмірлік ұстанымы бар бірегей қостанайлықтар шақырылды. 
Іс-шараның ресми бөлігін облыс әкімінің орынбасары Ринат МҰХАМЕТҚАЛИ ашты. Ол Алғыс айту күнінің Қазақстан халқын біріктіріуші нышаны ретіндегі маңыздылығын атап өтті, отандастарына еліміздің игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарға бейбітшілік, бірлік пен келісім тіледі.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына қосқан үлесі үшін қоғамдық наградалар табыс етті.
Ресми бөлімнен кейін іс-шара жүргізушілері арнайы шақырылған кейіпкерлермен қызықты сұхбат жүргізді. Олардың ішінде 20 жылдан астам уақыт бойы қан тапсырып келе жатқан 
құрметті донор Анатолий Филь; өзінің танымал әріптесі Тесламен бірге кинолог маман Қайрат Бейсембин; жұма күн сайын зейнеткерлерге тегін нан тарататын кәсіпкер Светлана Багмут және адамды өрттен құтқарып шыққан әскери қызметші Болат Ысқақов болды.
Форум соңында сахнада ҚХА әнұранына айналған “Рахмет, Қазақстан" әні шырқалды.