Chania
38
02.02.2024
Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен Рудный қаласында кездесу

ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов Қостанай облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен Рудный қаласында кездесті.

Отырыс барысында облыстық Ақсақалдар кеңесінің 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жақып Қалқаман Хасенұлы баяндама жасады. Ары қарай, өңірегі Ақсақалдар кеңесінің ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттері айқындалып, жұмыс жоспары ұсыныс-пікірлер тындалды. Бұл ретте аудандар мен қалалардағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыру қажеттігі атап өтілді.