Chania
31
02.02.2024
Қостанай облысының «Ассамблея жастары» ҚБ және Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қостанай облысының «Ассамблея жастары» ҚБ және Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісімнің мәні – университеттің облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымымен қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы тығыз өзара іс-қимылы болып табылады.

Ынтымақтастық аясында ЧелМУ Қостанай филиалы базасында Қостанай облысының «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдігінің Қоғамдық филиалы ашылып, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды ұйымдастыру, қазақстандық қоғамда толеранттылықты қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылау, өркендеген жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлін арттыру мәселелері жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Лудомания – қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік, отбасылық, кәсіби және материалдық құндылықтарды жою факторы ретінде» атты өзекті тақырыптағы дөңгелек үстел отырысы болып өтті.