Chania
774
01.09.2016
Ассамблеяның «Нұр Отанға» көмегі

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні болып өтті
Қостанайлықтар өздерінің сұрақтарына жауап алғанымен қатар, нақты көмек те алды. Наталья Рубцова жұмысқа орналасуға  ие болды. Бұл ұсынысты «Крынiца» өңірлік белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы, «КазМонтаж» ЖШС директоры Сергей Якушевич жасады. Ал партиялықтарға балалары мен немерелеріне мектепте оқуға керек-жарақтарын алуға өтініш жасаған Жұмабике Төкеева мен Татьяна Попова облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісі Гүлвира Құдайқұловадан қолдау тапты. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде оларға кеңселік тауарларын және мектеп киімін сатып алуға демеулік көмек көрсетілді.
- Барлық өңірлерде партияның қоғамдық қабылдаулары 2005 жылдан бастап жұмыс жасауда. Олар іс жүзінде біздің азаматтардың құқық, тұрғын үй және тұрмыстық проблемаларын шешудегі ең қолжетімді құралы болып отыр,- дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Бахытгүл Жолдыбаева. – Бірінші жартыжылдық ішінде ғана қоғамдық қабылдауға жалпы облыс бойынша азаматтардан 3449 өтініш келіп түсті, оның ішінде 583 оң шешімін тапты. Өтініш жасағандардың негізгі санаты зенеткерлер мен мүгедектер, жұмыссыздар, аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар. Қостанайлықтарды көбінесе әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй, жер телімдерін бөлу, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ жұмыс берушілермен дау-дамай мәселелері толғандырады.
- Адамдардың қоғамдық қабылдауға келуі қарапайым азаматтардың «Нұр Отан» партиясына сенетіндігін көрсетеді. Біз өз тарапымыздан қолдауға мұқтаж болған адамдарға көмек көрсетуге, кеңес беруге шешімін таппаған мәселені шешуге дұрыс бағдар беруге жәрдемдесуге әзірміз, -деп атап көрсетті Гүлвира Құдайқұлова.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі