Chania
99
10.01.2024
Аналар кеңесі Мемлекет басшысының сұхбатын талқылады

Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы ең көп талқыланған тезис - әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың жолын кесу мәселесі болды. Аналар кеңесінің мүшелері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеу туралы шешімді қолдады, олар қазіргі қоғам мұндай қатыгездікке төзбеушілік танытуы керек және кез-келген нормалар мен ережелерді бұзу заң бойынша қатаң түрде қудалануы керек деп санайды.

Сондай-ақ, әйелдер тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен атом энергетикасын жаңғырту мәселелерін көтерудің маңыздылығын атап өтіп, АЭС салу тақырыбын жалпыхалықтық референдумға шығару шешіміне қолдау білдірді.