Chania
875
01.09.2016
«Ақ орамал» республикалық акциясы Қостанай облысында

Өңірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Саммитінде жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті шеңберінде  Семей ядролық полигонының жабылған күнінің 25 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар болып өтті.
-Көпұлтты және көпконфессиялық мемлекетте өмір сүріп жатқан біз әлбетте бейбітшілікті қалап, соғыстың, жер шарында қақтығыстардың болмағанын тілеп, адамзат келешекке нық сеніммен қарайтынын қалаймыз. «Ақ орамал» акциясының символының ақ, кіршіксіз орамал өмірдің, ана мен бейбітшіліктің символы болуы да кездейсоқ емес. Ақ түс қазақ халқы үшін жанның тазалығын, кеңдігін, маңыздылығын көрсетеді.- дейді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова. – Қазіргі қиын кезеңде ортақ үйімізде бейбітшілік пен ынтымақ орнығу үшін біз рухани, күшейіп, бірігуіміз қажет!
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі Күлпеисов Руслан мен Сымттың некесін тіркеу рәсіміне қатысып қайтты. Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян Руслан мен Сымбатты құттықтап, «өмірді ер адамдар қалыптастырады, ал оны қолдайтын әйелдер», - деп атап өтті. Сондай-ақ, Қостанай қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Марина Донскова да жастарға ұзақ, бақытты отбасылық өмір тілеп, ақ раушан гүл шоғын сыйласа, ал бес баланың анасы Ақжан Алтынбаева қалыңдыққа ақ орамалды сыйға тартты. 
29 тамыз күні облыстық Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері  Жеңіс паркінде саяси қуғын- сүргін құрбандарына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоғын қойды. Содан кейін Қостанай перзентхана орталығына бет алды. Мұнда көпбалалы патронатты ана Гүлжауһар Төлегенова жаңа босанған Айнұр Жұмаділоваға гүл ұсынып, ақ орамал сыйлады.
-Мен тұңғышым Әли Мансурды  жеті жыл күттім. Ұлым Конституция күні қарсаңында туғанына өте қуаныштымын. – дейді көзіндегі қуаныш жасын жасыра алмаған Айнұр. – Әрине мен әрбір ана сияқты Қазақстанның барлық балалары бейбіт, берекелі елде тұрсын, ешқашанда ядролық сынақтар өткізілмесін, соғыс болмасын, деп тілеймін. Біз бұл өмірге қайғы, мұңға емес, қуануға бөленуге келеміз,
Содан соң Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ конференц-залында «Бейбітшілік құндылықтары отбасында дүниеге келеді» атты диалогтық алаңша өткізілді. Оған облыстық Ассамблеяның Аналар кеңесі мүшелері, білім беру саласы өкілдері, психологтар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар белсенділері қатысты.
Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларында болып өтті.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі.