Chania
169
09.01.2024
Этномәдени бірлестіктердің төрағалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын талқылады

Дөңгелек үстелде қауым басшылары мен олардың орынбасарларының кездесуі болып өтті, онда Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісімен өткен сұхбаты басты тақырып болды.

Әңгіме барысында, іс-шара  қатысушылары президенттің негізгі тезистерін талқылады. Тарихи атаулы күндерге, Наурыз-мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасына қатысты жеке пікірлерін білдірді.

Кездесу нәтижесінде Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар мен ойларды, әсіресе бейбітшілік пен келісімді, жалпыұлттық құндылықтарды: бірлік, ынтымақтастық, кәсібилікті сақтауға бағытталған жұмыстарға қатысты қолдау білдіруге бірауыздан шешім қабылданды.