Chania
25
20.12.2023
Достық үйі дәстүрімен!

Этномәдени бірлестіктердің балалары үшін дәстүрлі жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті.

Жыл сайын мереке алдында Достық үйі әр түрлі этностардың балаларына өз есігін айқара ашып, оларды шырша жанындағы көңілді биге шақырып, жаңа жылдық сыйлықтар таратады.

Биылғы жылы балаларды заманауи мультфильмдер мен ойындардың кейіпкерлері қуантты. Олармен бірге балалар би билеп, крио-шоуды тамашалады, ал іс-шара соңында қағаздан жасалған шашуы бар дискотекада көңіл көтерді. Алдағы жылдың басты кейіпкері - айдаһарсыз да келіп қуантты.

Мерекеге Аяз Ата мен Ақшақар келіп,  шыршаның сиқырлы шамдарын жағып, жасыл сұлудың айналасында балалармен бірге айнала билеп, барлығына тәтті сыйлықтар ұсынды.