Chania
35
31.10.2023
Ұлттық дәстүрлер рухымен…

Облысымыздың түкпір-түкпірінен 150 қыз Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Сырғалым» жобасының қорытынды форумына қатысты.

Жобаның басты мақсаты - болашақ ұрпақты ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу, жас қыздарды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау.

6 ай бойы жоба спикерлері облыс орталығының 8 мектебінде болып, 500-ден астам жоғары сынып оқушыларын өз қызметімен қамтыды.
Бүгін «Жастар сарайында» өткен форум аталған жобаның қорытынды іс-шарасы болды. Қыздар үшін станциялар ұйымдастырылып, әр станцияда түрлі іс-шаралар: қазақтың шай құю рәсімі, ұлттық киімдер мен әшекейлер көрмесі, әлеуметтік желілермен байланысты жаңа мамандықтарды игеру дәрісі, сондай-ақ, қазақтың бас тағамы - бешбармақ жасау үшін жұқа қамырды жаю станциясы ұсынылды.

Форум соңында жобаның ең белсенді қатысушылары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/CzD-5uxNE4C/

https://kstnews.kz/newspaper/1441/item-81009

https://top-news.kz/kostanajskih-shkolnic-uchili-nalivat-chaj-po-kazahski-i-raskatyvat-testo-na-beshbarmak/