Chania
31
25.10.2023
Республика күні құтты болсын!

Республика күні - халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілігімізді берік қылып, бірлік бен ынтымақтастықты нығайтатын жарқын мереке.

Бұл биік мақсаттарға жету үшін барлық қазақстандықтар жұмыла ат салысып, мемлекеттің басты тірегіне айналуы қажет, өйткені әр елдің ең үлкен байлығы – оның азаматтары!

Біздің әрқайсымыз еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеміз, және алдағы уақытта жалғастырамыз.

Бүгін біз көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының белгісі болып табылатын Республика күнін зор қуанышпен қарсы аламыз.

Біздің жүрегіміздегі туған үйге деген ыстық сезіміміз ешқашан сөнбей, туған жерге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан еліміздің өркендеуіне арналған жаңа жетістіктерге шабыттандыра берсін!

Республика күні құтты болсын!