Chania
44
20.10.2023
«Жомарт жан» сыйлығы

Республика күні қарсаңында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығын табыс етті.

«Орион» Мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шара аясында 11 меценатқа мейірімділік пен жомарттықтың белгісі ретінде «жүрек» түріндегі естелік мүсіншелер тарту етілді. Екі жыл бойы бұл жандар қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып, мұқтаж жандарға әрдайым көмек көрсетіп, қиын жағдайда қолдауға тырысты.

Сондай-ақ, ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени орталықтар, консультативтік-кеңесші органдар, «Ассамблея жастары» жастар қозғалысы, блогерлер мен қоғам қайраткерлері қатарынан 19 белсенді жан аталып өтті. Оларға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара қонақтары марапаттаудан басқа, алдағы Республика күніне арналған мерекелік концертті де тамашалады.

https://www.instagram.com/p/Cyn-TWIN-Hi/

https://kstnews.kz/news/events/item-80851