Chania
46
17.10.2023
«Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасының жеңімпаздары екі күндік экскурсиямен елордаға барып қайтты

Финалға жеткен 11 қатысушы Астананың ең көрікті жерлерін аралады. Балалар Бәйтерекке көтеріліп, Эйфель мұнарасы көшірмесінің жанында керемет фотосессияға түсті. Ұлттық музейге де барды. Көрмеге қойылған экспонаттар, әсіресе Алтын адам бейнесі ешкімді бей-жай қалдырмады. 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «АЛЖИР» мұражай кешеніне саяхат балалар үшін ең әсерлі болды. Бұл жер де ешкімді бей-жай қалдырмады... Сондай-ақ, балалар елорданың бас мешітіне барып қайтты. Бұл Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі болып табылады. 
Қатысушылар үшін экскурсияның екінші күні «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесіне аттанып, ол сапарларында мекеме жетекшісі Элина Масагутова ханыммен танысты. Ол мемлекеттік тілді қалай меңгергені жөнінде, оның жұмысына бұ мәселенің қалай әсер еткені туралы баяндап, балаларға естелік сыйлық ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кітаптарды тарту етті.
Экскурсиялық бағдарламаның міндетті шараларының бірі - елордалық Достық үйіне бару болған еді. Балалар жергілікті этномәдени бірлестіктер жұмыс атқаратын жермен танысып, ғимараттың қақ ортасында орналасқан мұражайды тамашалады.
Елорда бойынша экскурсия Қазақстан халқы Ассамблеясының «жүрегі» - Бейбітшілік және келісім сарайына бару сапарымен аяқталды. Ғимараттың пирамидалық нысаны Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірлігін сипаттайды. Балалар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы құрылған жерде болып қайтты.