Chania
50
06.10.2023
Қазақстан Республикасын қорғау – қасиетті парыз

Облыстық Достық үйінде Қостанай қаласының қорғаныс істері басқармасының өкілдері славян этносынан шыққан студенттермен кездесті.
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттеріне ҚР Конституциясының 36-бабының негізгі ережелері түсіндірілді, оған қоса, Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылатындығы айтылып өтті.


Подполковник Қарлығаш Молдахметова балалармен өзінің әскери мансабының тарихымен бөлісіп, әскери қызметтің беделі туралы баяндады, жастарды әскери міндет саласындағы конституциялық борыш пен заңнаманы орындауға ұмтылуға шақырды.