Chania
75
03.10.2023
Облыстық Достық үйінде «Чхусок» дәстүрлі күз мерекесін атап өтті

Қарттар күніне орайластырылған іс-шараға 70-тен астам әжелер мен аталар келіп көңіл көтерді. Қауым белсенділері олар үшін мерекелік концерт пен шай ішу рәсімін ұйымдастырған болатын. Мереке соңында барлық қонақтар сүйікті әндерін тыңдап, билеп, корей этномәдени орталығы атынан сыйлықтарға ие болды. Мерекеге денсаулық жағдайына байланысты келе алмай қалған қарияларға сыйлықтары мекен-жайлары бойынша апарылды.