Chania
48
02.10.2023
Күзгі марапаттар

 «Nadzieja» поляк қауымдастығының төрағасы Виктор Радомский дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау үшін «Meritis Pro familia» медалін иеленді.

Оған 28-30 қыркүйекте Астана қаласында өткен Польша Республикасы Елшілігінің, Алматы қаласы Бас консулдығының және шетелдегі поляктарға жәрдемдесу қоғамдық бірлестігі «VPULNOTA POLSKA» өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы поляктар Одағының форумы аясында Польша Республикасы Отбасы және әлеуметтік саясат министрлігінің атынан жоғары награда табыс етілді.

Сондай-ақ, пан Виктор Қазақстанда поляк мәдениеті мен тілін сақтауға және насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін Консул Джошуа Стыковскийдің алғыс хатының иегері болды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Виктор Леонидовичті зор марапаттарымен құттықтай отырып, өңірдегі этносаралық келісімді сақтау жөніндегі күрделі қызмет аясында үлкен жетістіктер тілейді!