Chania
826
17.08.2016
«Нан тарихы– халық тарихы»

Қызарған бауырсақ, балды чак-чак, пахлава, әшекейленген сүлгі үстіндегі нан, ірімшіктен жасалған чепалгаш, күріш чемпениі, армян матнақашы, еврей мацасы, тандыр шелпектері – осындай түрлі нандарды қостанайлықтар Қостанай қаласының күніне арналған нан көрмесінде көре алды.
Ерекше нан мұражайын ашық аспан үстінде «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Ол көрмені Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақұпов көріп, бағалады.  Әр қауым көрермендерді аспаздық таңдауымен таңғалдыруға тырысты. Пісірілген нандар түрлі ұннан жасалды: бидай, қарабидай, күріш және жүгері. Азербайжан және армян этномәдени бірлестіктері лавашты қалай пісіру керектігін көрсетті.  Лаваш Кавказ халықтарының дәстүрлі наның бірі. Қауым өкілдері өздерінің ұлттық нан тарихы туралы, нанмен байланысты әңгімелерді айтып тұрды.
- Көрменің  «Нан тарихы– халық тарихы» атауы кездейсоқ қойылған жоқ. Әр қазақстандық, оның ішінде қостанайлықтар осы сөздің мағынасын жақсы біледі. «Нан тілімінің құнын аштықта білесін, достықтың шын құндығын қиыныдықта білесін» деген қазақтың дана сөздері бар. Ауыртпалылық жылдары қазақ халқы жер аударып келген және жазаланғандарды жылы қарсы алып өз нандарымен бөлісті, олар үшін қазақ жері екінші отаны болды. Осы көпұлттық достық тың жылдары үлкен жетістікке жетіп биыл біздің облыс 80 жылдығын атап өтуде.    Ғасырлар бойы нан түрлі этностың өмір, жетістік, амандық және қонақжайлылық рәмізі болып келеді. Ежелден қазақ халқының ерекше белгісі қонақжайлылық екені белгілі.  Қазақ халқы қонағын төрге отырғызып, үйдегі ең жақсы тамағын беріп сый көрсеткен. Ал үстелдің басты тамағы нан болды. Ақсақалдар «Ас атасы – нан» деп бекерге айтпаған, - деп «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қ.Сандыбаева айтып кетті.

«Қостанай облысы әкімідігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі