Chania
41
01.09.2023
«Мектепке жол» республикалық акциясы

023 жылдың 10-31 тамыз аралығында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Жиналған қаражат облыстың 16 ауданы мен 4 қаласын қамтитын білім беру ұйымдарының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қажетті оқу құралдармен, киім кешектер алып берді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері демеуші болды.

Акцияны ашқан “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Н.С.Рамазанова барлық ұйымдастырушыларға қайырымдылық көмегі мен балаларға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.