Chania
61
04.08.2023
Қостанайда Медиация апталығы өз мәресіне жетті

5-тамыз күні Қазақстанда медиаторлар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы күн қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар іс-шаралар өткізді. 
    
Бес күн ішінде кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сондай-ақ облыстық ҚХА спикерлері телебағдарламаларға қатысып, медиация институтының маңыздылығы және оның көпұлтты қоғамдағы маңыздылығы туралы баяндады. Сондай-ақ, баспа басылымдарында, ғаламтор-порталдарында және қоғамдық орындарда мамандардың бірқатар жарияланымдары шықты. 

Медиация апталығы барысында халық арасында сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде “Бірлік пен келісім – қоғам әл-ауқатының кепілі” челленджі өткізілді. 

Достық үйінде өткен “ҚХА медиация кабинетінің Ашық есік күні" республикалық акциясы іс-шаралар кешенін тәмамдады. Үш сағат ішінде барлық ниет білдірушілер кәсіби медиатордан, психологтан, адвокаттан және басқа мамандардан тегін кеңес ала алды.

 

https://www.instagram.com/p/CvhTRMhNoVx/