Chania
64
02.07.2023
Елу домбырашы және бір жарым сағатқа ұласқан ұлттық музыка

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Домбыра күніне арналған «Домбыра PARTY» акциясы өтті.

Шілденің бірінші жексенбісінде Достық Үйінің жанында 50-ге жуық домбырашының басын қосқан мерекелік іс-шара болып өтті. Акцияға Қазақтың ұлттық аспабында ойнайтын 10-16 жас аралығындағы балалар қатысты.

Бір жарым сағат бойы жас музыканттар қазақ күйшілерінің әйгілі шығармаларын орындады. Мұнда «Адай», «Балбырауын», «Көроғлы», «Қос алқа», «Ақжелең» күйлері және басқа да танымал композициялар орындалды.

Әуесқой домбырашылардың арасында 10 жасар Кира Цхай болды. Ол 4 жыл бойы музыка мектебінде білім алып келеді. Оның анасы Аленаның айтуынша, аспаптың дыбысын естіп, ұнатқан Кира домбыра сыныбын өзі таңдаған.

 Іс-шара соңында барлық қатысушыларға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясынан естелік сыйлықтар табысталды.