Chania
61
30.06.2023
Сұлтан Сүлейман, Хюррем, Гарри Поттер және келинка Сабина…

Достық үйіндегі 6-шы түн болып өтті. Биыл ол әйгілі фильмдер мен телехикаяларға арналды. 


Станциялар өз жұмысын істей бастағанға дейін барлық кейіпкерлер көрермендердің алдынан жұлдызды қызыл кілем үстінен өтті. Көрермендер «Великолепный век», «Сваты», «Игра в калмара», «Келинка Сабина», «Иван Васильевич меняет профессию», «Кавказская пленница», «Гарри Поттер» кейіпкерлерін ду қол шапалақпен қарсы алды. 


Әр кабинетте қонақтар кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап, кәдесыйлар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қонақтарға «Қостанай» телеарнасы ұйымдастырған түрлі жылдардағы телевизиялық жабдықтар көрмесі ұсынылды. Бірінші қабатта әйгілі саундтректерге арналған концерт болып, сонымен қатар нағыз кинотеатрдағыдай попкорн сатып алып, қызыл кілеммен жүріп, Ғажайып әйел мен Өрмекші адаммен суретке түсіп жатты.


Кино түні алты команда қатысқан караоке-батлмен аяқталды. Қатысушылардың барлығына сыйлық ретінде кружкалар табысталды.

https://www.instagram.com/p/CuJ8v5xxAlA/