Chania
846
07.07.2016
Гүлдене бер, Астанам! Қостанайда Астана күніне арналған форум болып өтті.

Мерекелік іс-шараға жүрегін ауыстыру бойынша ота жасалған бірінші қазақстандық Жәнібек Оспанов қатысты. Бүгін 5 шілдеде облыстық Қоғамдық келісім үйінде өткен мерекелік іс-шараға Жәнібектен басқа да облыстық аурухана бас дәрігері Владимир Стельмах және жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі Александр Сачко баршаның назарына ие болды. Екеуі де Астана күнінің қарсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.
- Астана – әлемдегі ең тамаша қалалардың бірі. Мемлекет басшысының арқасында Астанада жүректі ауыстыру бойынша бірегей ота жасалатын заманауи кардиохирургиялық орталық іске қосылды.   Осы орталықта ең бірінші емделушілерінің қатарында қазір Астанада тұрып жатқан Рудный қаласының тумасы Жәнібек Оспанов  болды. Отадан кейін оның жаңа өмірі басталды, ал екі аптадан кейін зайыбы босанып оған перзент сыйлады.  Жәнібекке бірінші рет Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орта Азиядағы донорлық жүрек ауыстыру бойынша  ота жасалды.   Ал қостанайлықтар өздері де донор болып келеді. Мысалға, бізде ауыстырып салу үшін 7 жүрек, 6 бауыр, 14 бүйрек қабылдап алынды. Әлемде бірінші рет зағип адамға көз ауыстырылып салынды! Әрбір қазақстандыққа мүшелерді ауыстырып салу игі іс екендігін естеріне салғымыз келеді, өйткені ми тоқтап, адам өлгенімен, басқаларға оның мүшелерін ауыстырып салу, оған екінші өмір сыйлауға мүмкіндік туады, - дейді Владимир Стельмах. – Ия, бұл жақындарынан айырылған туыстары үшін ауыр психологиялық жағдай, бірақ басқа науқас адамға сау ағза мүшелері  пайдасын тигізіп өмір сыйлайды!
42 жасар Жәнібек Зейнелұлы қостанайлық жерлестеріне келіп форумға қатысып, еліміздегі медицина жетістіктерін көрсетті. Бүгінгі күні ол «Өмір тынысы» трансплантация жасалған науқастардың қоғамдық бірлестігі төрағасы және «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ трансплантация үйлестіру бөлімшесінің ауыр созылмалы жүрек әлсіздігі бар емделушілермен жұмыс жөніндегі әкімшісі болып істейді.
- Қостанай – ауыр науқас емделушілер үшін туыстардың рұқсатымен қайтыс болушылардан алынған донорлық мүшелер саны бойынша алдынғы қатарда, - дейді Жәнібек Зейнелұлы. – Өз атымнан  екінші өмір сыйлайтын адамдарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Қазақстанда туыстарының рұқсатынсыз мүшелерді алу жағдайы орын алған жоқ. Маған ота квота бойынша 2012 жылы жасалды. Әрине қауіп болды, бірақ маған ота жасаған Қазақстанның жетекші кардиохирургі Юрий Пя өзіне деген сенімділігі маған да күш берді.  Отадан кейін менің екінші өмірім басталған сияқты болды. Қызым өмірге келіп, Астанаға қоныс аудардым, Омбы гуманитарлық академиясына психолог мамандығы бойынша сырттай оқуға түстім. Осыдан екі апта бұрын менің Әлібек деген ұлым дүниеге келді. Бір аптадан кейін донорлық мүшелері ауыстырылған адамдарға арналған Европалық спорттық сайыстар өтетін Хельсинки қаласына жол жүремін. Олар 1978 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бағдарламаға дартс, боулинг, суға жүзу, жүгіру, ядро лақтыру, найза лақтыру, теннис, волейбол және тағы басқалары кіреді. Өзіміз ниеттестер командасын дайындап, келесі жылы Қазақстан атынан Испанияда өтетін әлемдік ойындарға қатысқымыз келеді.  Бұл ойындардың маңызы сайыста емес, қоғамға мүшелері ауыстырылған отаны бастан кешірген адамдардың толымды өмір сүре алатындығын көрсетеді!
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан жиналғандардың алдында хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова сөз сөйлеп, оларды Ораза-айт басталуымен құттықтады.
-  Өткен жылдар ішінде әлемде өз мәртебесіне ие болып, жас астанамыз бір шаңырақ астында барлық қазақстандықтардың басын біріктірген мереке болып табылады, -  деп атап өтті Гүлвира Жазитқызы. -  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеп жатқан Қазақстан өзінің бас қаласы, еліміздің заманауи гүлденген архитектуралық әсем Астанамен әбден мақтана алады. «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмесін Астана қаласында өткізу – бұл осындай деңгейдегі іс-шараны қабылдауға лайық,  дамыған орталық ретінде астанамыздың жоғары деңгейін көрсетеді.   Біздің астанамыз барлық өңірлер үшін үлгі болды. Бүгін де қала, аудан орталығы, ауыл оған бой түзеп, гүлдене түсуге тырысуда.  Абаттандыру, әлеуметтік сала жаңы нысандарын іске қосу, жолдар мен көшелерді жөндеу бойынша жұмыс атқарылуда. Астананың жетістіктері – бұл еліміздің әрбір өңірі, еңбек ұжымы табысының көрінісі.  6 шілдеде Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Оның басшылығымен Қазақстан Орта азия өңіріндегі халықаралық аренада тұрақты, күшті және беделді елге айналды!  Елбасымызға мықты денсаулық тілейміз!
Осы күні тағы да 10 адам – этномәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім кеңестер, Аналар кеңестерінің өкілдері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері алғыс хатпен марапатталды. Форум концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі