Chania
63
23.06.2023
Иврит әндері, кубан билері, жетіген және орыс халық қасықтары

Бірден бес этномәдени бірлестік өз мерейтойлық күндерін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған үлкен фестиваль аясында атап өтті. 


Биылғы жыл «Эребуни» армян қауымы, еврей, украин және қауымдастықтарының мерейтойы болды. Олардың құрылғанына 30 жыл толып жатыр. Орыс қауымдастығы өзінің 25 жылдығын достарының арасында, жылы атмосферада қарсы алды.  Олардың ішінде ең жас «Шарк» тәжік-өзбек қауымдастығы болды. Этномәдени бірлестік өзінің 20 жылдығын атап өтті. 


Үлкен концерттік бағдарламаға жергілікті әртістер де, Рудный қаласынан келген ұжымдар да қатысты. Солтүстік Қазақстан облысынан келген қонақтар - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Ынтымақ” этномәдени бірлестігі де біздің қауымдастықтарды құттықтау үшін арнайы келді. Олар украиналық "Марусяны" шырқап, қостанайлық "Раздолицамен" бірге "Барыня" әнін керемет орындады.


Концерттің ерекшелігі - Сарыкөл ауданынан келген "Задоринка" қасық ансамблі орыс қасықтарында қазақ халық әні «Боз жорғаны» орындауы болды.