Chania
51
20.06.2023
Демалыста маңызды нәрселер туралы ұмытпаймыз!

Жазғы мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы айтылды.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның тапсырмасына байланысты "Дуслык" татар-башқұрт қауымы төрағасының орынбасары Гүлнар Латыпова және Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің үйлестірушісі Динара Әмірова №3 гимназияда болып, оқушыларға этномәдени бірлестіктердің немен айналысатыны және бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудің маңыздылығы туралы айтып берді.