Chania
51
18.06.2023
Қостанайда Сабантуй -2023 болып өтті!

Биылғы жылы «Дуслык» татар-башқұрт қауымы мерекені облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, қалалық жағажай ауданындағы триатлон-паркі аумағында ұйымдастырды.

Мұнда этномәдени бірлестіктердің әртістері өнер көрсеткен концерттік алаң орналасты; ұлттық тағамдар мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі де жұмыс істеді. Мереке қонақтары чак-чактан дәм татып, гармонь әуенімен ән шырқап, өз күштерін ұлттық ойындарда сынап көрді. Дәстүр бойынша, қостанайлықтар үшін Қазан қаласынан келген жұлдызды қонақ - Лилия Муллагалиева өнер көрсетті.

Ауа-райының құбылмалы болғанына қарамастан, мереке сәтті өтті!

https://www.instagram.com/p/Cto-Dyzu1Ck/