Chania
59
30.05.2023
"Жарқын жаз" қайтадан өз жұмысына кірісті!

Бүгін қаланың дәл ортасында қостанайлық балаларға арналған жобаның жазғы іс-шаралары басталды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Балаларды қорғау күні қарсаңында жазғы демалыстың салтанатты ашылуын ұйымдастырды.

Достық үйінің алдында отбасылық флешмоб өтіп, аналары мен қыздары қазақ тілінде ән шырқап, өнер көрсетті. Сондай-ақ, ұлттық мәдениет туралы білімдерін тексеруге ​​арналған қызықты викторина да балаларды қуантты. Викторинадан соң балалар қуыршақ кейпіндегі Ата-Әжемен бірге «қаражорға» биін биледі.

Іс-шара соңында барлық балалардың самокатпен шабуы ерекше болды, одан кейін барлық балаларға «Возрождение» неміс қауымы атынан балмұздақтар берілді.

 https://www.instagram.com/p/Cs4CLHlNSG6/