Chania
73
26.05.2023
5-ші мерейтойлық «Go! ҚХА КВИЗІ»

Қостанай облысының украин қауымдастығы ұйымдастырған 5-ші мерейтойлық «Go! ҚХА КВИЗІ» кеше Достық үйінің қабырғасында өз рекордын жаңартты. Бұл жолы жарысқа білгірлер атағы үшін 11 команда қатысты.

Ұйымдастырушылар мерейтойлық ойынды фильмдер мен мультфильмдер тақырыбына арнады. Қатысушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, саундтректерді тауып қана қоймай, шифрланған суреттердің сырын шешті.

Үшінші орынды BEST.KZ экскурсия бюросының «От винта» командасы иеленді. Олар өткен ойынның жетістігін қайталай отырып, шығармашылық үзілісте ең үздік өнер көрсетті.

Екінші орынды автожол колледжінің балалары жеңіп алды. «Вундеркиндтер» командасы өз атына сай болып, күміс жүлдені иеленді.

https://www.instagram.com/p/Csvsmb3Ab3u/

Мерейтойлық ойынның жеңімпаздары пікірлестер құрамасы - “Freex” командасы атанды. Жас білгірлер ең көп ұпай санын жинап, чемриондар тұғырына көтерілді.

Барлық ойыншыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.