Chania
78
26.05.2023
«Ассамблея жастары» белсенділері Қостанай ауданында елу ағаш отырғызды

Балалардың арқасында Тобыл қаласындағы «Жаңару» саябағында 50 пирамидалық терек пайда болды.

Экологиялық акция «Жасыл қала»жобасы аясында өткізілді.

Оған «Ассамблея жастары» белсенділері ғана емес, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері-еріктілері де қатысты.