Chania
736
09.06.2016
Өздерінің қамқоршыларын құттықтады!

Қостанай облысының «Эребуни» армян қауымы 2015 жылдан бастап Федоров ауданында орналасқан балалар үйін қамқорлыққа алды, барлық мерекелерде тәрбиеленушілерге қайырымдылық көмегін көрсетіп келеді.
Маусым айында жазғы демалыстар басталысымен облыс орталығының көрікті жерлері бойынша ауқымды экскурсия өткізу үшін Қостанайға балаларды шақыру дәстүрге айналды. Бағдарлама таңертеңнен кешке дейін есептелген, оған ойын бағдарламалары, концерт, сыйлықтар, мұражайларға, кітапханаға, көркемсурет галереясына, аттракцион саябағына, кинотеатрға бару кіреді. 
- Жыл сайын балалар қызығушылықпен Қостанайға келу үшін біз оларға таңғаларлықты ойын-сауық, демалыс ұйымдастыруға тырысамыз. Осы жолы біз Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына бардық, балалар онда америкалық робототехник көрмесін көріп таңғалды. Барлығы аяқталған соң балалардың жолына торттар және шырындар сыйлыққа салып бердік. Оларға жаз тек жарқын, көңілді және есте қаларлық сәттерден басталсын, - деп «Эребуни» армян қауымы жастар қанатының басшысы Рач Мартиросян айтып кетті.


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі