Chania
61
05.05.2023
Этномедиация бойынша семинар-тренинг

Медиация кабинетінің ашық есік күні аясында этномедиация бойынша екі күндік оқыту семинар-тренингі болып өтті.

Курстардың тыңдаушылары этномәдени бірлестіктердің басшылары, консультативтік-кеңестік органдардың мүшелері және Қостанай облысының жастары болды.

Семинардың хэдлайнеры клиникалық психолог, жаттықтырушы-медиатор Резеда Баймұхаметова (Петропавл қ.) болды. Екі күн ішінде ол этносаралық қақтығыстардың түрлері, жекелеген этностар арасындағы этносаралық қатынастардағы психологиялық ерекшеліктер туралы айтты. Өмірде кездесетін мәселелерді шешуге және басқа адамдармен жұмыс істеу кезінде көмектесетін кәсіби дағдылар туралы ақпарат берді. Семинар барысында жанжалдардың, оның ішінде этносаралық қақтығыстардың алдын алу әдістері зерделеніп, пысықталды.

Жаттықтырушы, «Демеу» еріктілер корпусының жетекшісі Имир Дулатов (Петропавл қ.) тыңдаушылар үшін интерактивті тренинг өткізді, онда этносаралық қақтығыстардың туындау алғышарттары мен түрлері талданды.

Кездесу барысында этносаралық қақтығыстарды шешуге қатысу тәжірибесі туралы Қостанай облысы ҚХА медиация кеңесінің төрағасы, «Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ президенті, медиатор-жаттықтырушы Сергей Богатырев айтып берді.

Семинар соңында барлық тыңдаушыларға тиісті сертификаттар берілді.